02 ақп, 2021 сағат 12:07

Харьков қаласында қазақ тілі мектебі ашылды

Қазақстан Республикасының Харьков қаласындағы Құрметті консулдығында Қазақстанның Украинадағы Елшілігінің көмегімен «Шаңырақ» қазақ тілін оқыту мектебі өз қызметін бастады, – деп хабарлайды Елшіліктің баспасөз қызметі.

Мектеп оқушыларының арасында қазақ диаспорасының өкілдері, негізінен балалар, және Қазақстанға қызығушылық танытып отырған жергілікті азаматтар бар.

Бұл ретте мұндағы оқыту әдістемесі тек қазақ тілін оқытуға емес, сонымен бірге қазақ халқының дәстүрлерін, мәдениеті мен салтын тануға негізделген.

Диаспора өкілдері осындай мектептің ашылуына жоғары бағасын берді, себебі оның қызметі шетелдегі қазақтардың бірігуіне септігін тигізіп, тарихи Отанымен байланысты одан да жақсы сезінуге, сондай-ақ Украинада Қазақстан атын шығаруға мүмкіндік береді.