01 қаз, 2020 сағат 13:26

Халықтың өмірін жақсартуға ұмтылған азаматтар көп – праймериз қатысушысы

Алматыда праймериз қатысушысы, «Я Алматинец» бірлестігінің жетекшісі Константин Авершин қала тұрғындарының өмірін жақсартудың басым тұстарын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өкілеттік органда жұмыс істеудің арқасында адамдардың өміріне жүйелі өзгеріс енгізуге болады. Олар жайлы ортада өмір сүруге құқылы. Олар өздерінің салығынан төленіп жатқан жұмыстардың сапалы болуын талап етуге құқылы. Сапалы медицина, сапалы білім алып, сапалы жолдарда жүруге құқығы бар», - деді ол.

Үміткердің айтуынша, барлық қатысушылар праймериз кезеңдерінен өтті.

«Жақында праймериз нәтижесі шығады. Біздің бір байқағанымыз, халықтың өмірін жақсартуға ұмтылған азаматтар көп екен», - деді ол.