#
#
Сейсенбі 14/07/2020

Халықтың қолдауы мемлекет басқару ісін табысты жүргізуіме ықпал етті - Президент

  • 25.06.2020
  • 0
  • 302

Республикалық «Ана тілі» басылымына берген сұхбатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың қолдауын әрдайым сезініп отырғанын мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Баршаңызға мәлім, Қазақстан Президенті қызметін атқарған бір жыл оңай болған жоқ. Аталған мерзімді аса күрделі сынақтарды еңсерген жыл деп айтуға болады. Дегенмен, мен халықтың қолдауын әрдайым сезіндім. Бұл маған күш-жігер беріп, мемлекет басқару ісін табысты жүргізуіме ықпал етті. Жыл бойы саяси және экономикалық салалар бойынша көптеген реформалар жүзеге асырылды. Бұл саясат алдағы кезеңдерде де жалғаса береді. Елімізді одан әрі жаңғыртуға, дамытуға қатысты идеяларым бар, ол идеяларды халық іс жүзінде сезінгенін қалаймын», - деді сұхбатында Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Президент біз мемлекет ретінде де, ұлт ретінде де бір орында тоқтап қалмауымыз керектігін айтып өтті. 

«Ондай жағдайда ел тоқырауға ұшырайды. Оның зардабы мемлекеттігімізге тиеді. Ауыр тиеді. Ащы да болса айтайын, біз – қазақтар, осынау алмағайып күрделі әлемде, түптеп келгенде, ешкімге соншалықты қажет емеспіз. Өз мемлекетімізге ғана қажетпіз. Осы бір қарапайым қағиданы ешқашан естен шығармауымыз қажет. Әлемдегі Қазақстанның жетістігін көре алмайтын, «мысықтілеу» саясаткерлер, тіпті мемлекеттер де бізден алыстап кеткен жоқ, маңайымыздан ұзамай, әр қадамымызды бағып отыр. Сондықтан елімізді өркендету, көркейту – тек қана өз қолымызда. Біздің осындай сындарлы сәтте қателесуге еш қақымыз да, құқымыз да жоқ. Және мемлекет құрушы ұлт ретінде бұл мәселені бірінші кезекте өзіміз терең сезінуіміз қажет. Өйткені қазақ халқының тағдыры тарих таразысында тұр…», - деді Мемлекет басшысы.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар