#
#
Сенбі 04/07/2020

Халыққа қызмет көрсету орталықтары қалай жұмыс істейді?

  • 24.05.2020
  • 0
  • 213

23 мамырдан бастап еліміздегі бірқатар Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын бастайды. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" 1414 байланыс орталығының Telegram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

23 мамырдан бастап Шығыс Қазақстан облысы Бас санитарлық дәрігерінің шешімімен Семей қаласынан басқа өңірдегі ХҚКО-лардың бәрі жұмысын бастайды. 

25 мамырдан бастап Алматыдағы ХҚКО-лар жұмысын бастайды.

Сондай-ақ, бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облысындағы ХҚКО-лар жұмыс істеп тұр. 

Шымкент қаласы мен Атырау облысында әкімдіктің шешімімен бизнеске байланысты қызмет түрін көрсететін ХҚКО ғана жұмыс істейді.

Жамбыл облысында әзірге ХҚКО жұмыс істемейді.

ХҚКО-ға бармас бұрын ол жерден тек электронды түрде алу мүмкін емес «қағаз» түріндегі, сондай-ақ egov.kz порталында электронды түрде рәсімделген қызметті алуға болатынын ескеру керек. Ол жерге бару үшін алдымен egov.kz порталы арқылы, eGovKzBot2.0 боты арқылы жазылып немесе 1414 нөміріне хабарласу қажет.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар