26 қаз, 2022 сағат 10:58

Қазақстан Дүниежүзілік банктен 345,7 млн еуро қарыз алады


Парламент Мәжілісі "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Вице-премьер – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, биыл шілдеде 345,7 млн еуро қарыз туралы келісімге 24 тамызда қол қойылды.

"Қарыз толығымен бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталады. Қаражат республикалық бюджетте көзделген әлеуметтік және басқа да басымды мақсаттарға арналған қаржыны қоса алғанда, жалпы бюджет шығыстарын қолдауға мүмкіндік береді", - деді Жамаубаев Мәжіліс отырысында.

Дүниежүзілік банктің қарызы Қазақстанға 2,5 жылдық жеңілдік кезеңімен және 11,5 жыл өтеу мерзіміне беріледі.

Сыйақы мөлшерлемесі Еурибор+айнымалы спред, біржолғы комиссия қарыз сомасының 0,25 %-ін, резервке қойғаны үшін комиссия қарыз қаражатының игерілмеген қалдығына жылдық 0,25%-ті құрайды.

Ақша Қарыз туралы келісім күшіне енгеннен кейін бірыңғай транш түрінде бөлінеді.