12 қаң, 2025 сағат 14:28

Халықаралық әншілер байқауының жеңімпазы Ержан Максим елге оралды


Фото: Instagram.com / maksim_erjan


Халықаралық Sanremo Best Song байқауында жеңіске жеткен Ержан Максим елге оралды, деп хабарлайды 24kz. 


Оны Астана әуежайына жиналған бір топ жанкүйері ыстық ықыласпен күтіп алды. Оралдық өрен Дубайда өткен сайыста халық әні «Айқаракөзді» шырқап, гран-при иеленген еді. Бала кезінен тыңдарманын өзіндік өнерімен тамсандырып жүрген Ержан Максимге қазылар алқасы бірауыздан жоғары баға берді. 


2019 жылы жерлесіміз Қазақстан атынан «Балалар Еуровидениесіне» қатысқан болатын. 


Ержан Максим, халықаралық байқау жеңімпазы:


- Біз гран-при, бас жүлде алып үйреніп қалғанбыз. Сондықтан өзіме сенімді болдым. Өте керемет конкурс болды. Барлық келген жанкүйерлерге шын жүректен алғысым шексіз. Барлығы ағылшынша өлең айтты. Француз тілінде шырқалып жатты. Өзім қазақша өлең айтайын дедім енді. Бірінші рет халық әнін айтып жатырмын. 


Гүлмира Әлібек, Ержан Максимнің анасы:


- Ержанның жеңісіне жалғыз біз емес, бүкіл халық сенімді болды деп ойлаймын. Аллаға шүкір, осындай жеңіс бұйырып жатыр. Өте қуаныштымыз. Әр байқау сынақ болғаннан кейін өте маңызды деп ойлаймын. Маңыздылығымен орын алады. Сондықтан Ержан әрдайым қандай байқау болса да, үлкен жауапкершілікпен дайындалып барады.