28 қаң, 2025 сағат 14:54

Президент : “Кейбір азаматтар Қазақстанға неше түрлі лақап ат қоятын болды”


Фото:Ақорда

Мемлекет басшысы Кеңейтілген Үкімет отырысында азаматтар елімізге лақап ат қоятынын сынға алды, деп хабарлайды Ult.kz.

Оның сөзінше мемлекетте тәртіп орнату үшін жасалып жатқан шаралар лақап ат қоюға негіз болмауы керек.  

Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір азаматтар елімізді мазақ қылуға әуестеніп барады деп отыр.

«Мысалы, өзге елдердің өкілдері жоқ жерден «керемет жетістіктерді, табыстарды» тауып алып, оны шетелге жан-жақты насихаттап жатады. Ал біздің азаматтар, олардың ішінде шоу-бизнес өкілдері, өзін өзі «қоғам белсендісі» санайтын жастар, тіпті, депутаттар да бар, Қазақстанға неше түрлі лақап ат қоятын болды. Бұл енді мүлдем түсініксіз, ақылға сыймайтын нәрсе», - деді Президент.

Тоқаевтың айтуынша, ақпараттық жұмыс уақтылы әрі сапалы жүргізілетін болса көптеген мәселе, соның ішінде қоғамда дүрбелең тудырған түйткілдер ушықпай шешімін табатын еді. Ол үшін мұқият ойластырылған қоғамдық коммуникация стратегиясы қажеттігі де айтылды.