05 нау, 2021 сағат 06:31

"Кешір, біз шаршадық". Ресейде әйел 39 жастағы мүгедек-ұлын өлтірді

Ресейлік Бердск қаласының 62 жастағы тұрғыны туған күнінде 39 жастағы дәрменсіз мүгедек-ұлын өлтіріп, өзіне қол жұмсамақ болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz KP.RU сайтына сілтеме жасап.

Әйел көптеген жыл бойы дәрменсіз ұлын қараудан шаршады ма, әлде ұлын аяды ма - қылмысқа неге барғаны белгісіз. Мәліметтер бойынша, 2 наурызда әйел өмір бойы қамқор болған ұлына артық мөлшерде дәрі берген, кейін өзін-өзі өлтіруге бел буған. Ол күйеуіне "Кешір, біз шаршадық" деген жазба қалдырған. Хатта ол бұған ұлы да келіскенін жазған.

Жары үйіне келгенде қайтыс болған ұлы мен өлім аузында жатқан әйелін көрген. Жедел жәрдем әйелді ауруханаға жеткізген, бірақ ұлын құтқара алмады. 

Тергеу комитеті адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.