02 қаз, 2020 сағат 08:56

Кенжехан Матыжанов: Праймериздің басты жетістігі – белсенді тұлғаларды анықтап алу

«Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысушы, М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Кенжехан Матыжанов Праймериз – «Nur Otan» партиясы үшін жаңа бастама екенін айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Праймериз – Ел үшін де, «Nur Otan» партиясы үшін де жаңа бастама болды. Қуанарлығы сайлаушылар үлкен жауапкершілік танытуда. Праймериз сайтына көп адам кірген. Партия мүшелерінің тіркелу науқаны да өте белсенді жүргізілді. Праймеризге қатысып отырған кандидаттардың басым бөлігі осы қалаға танымал жандар. Яғни, белгілі кәсіпкерлер, білім, мәдениет және спорт саласында аянбай еңбек етіп жүрген адамдар. Бәрі де лайық. Праймериздің ең басты жетістігі – партияішілік іріктеуді өткізу және белсенді тұлғаларын анықтап алу», – деді Кенжехан Матыжанов. 

Кенжехан Матыжановтың айтуынша, праймеризге қатысушылардың мақсаты бір – халық үшін аянбай еңбек ету.