18 шіл, 2024 сағат 10:56

Кеңседе қыз зорлау оқиғасы: Талдықорған полициясының экс-басшысы сотқа апелляциялық шағым түсірді


Талдықорғанда 27 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінген полиция басқармасының бұрынғы бастығы Марат Күштібаев сот үкіміне шағым білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Жетісу облыстық сотының хабарлауынша, сотталған азаматтың арызы 17 шілдеде келіп түскен. Істің апелляциялық сотта қашан қаралатыны айтылмады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Талдықорған полициясының басшысы қыз зорлады деген күдікпен ұсталған. Кейін ол екі айға қамауға алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 2-бөлігі ("Адамның қызметтік міндеттерін атқару кезінде жасаған зорлау") бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сәуірде Күштібаевқа қатысты 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.