20 ақп, 2024 сағат 10:18

Келесі қысқы Азия ойындары қай қалада өтетіні белгілі болды

Фото: ҚР Спортты дамыту дирекциясы

Азия Олимпиада кеңесі келесі IX қысқы Азия ойындары өтетін қаланы атады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" "ҚазАқпарат" Халықаралық агенттігіне сілтеме жасап. 

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, IX қысқы Азия ойындары 2025 жылы Қытайдың Харбин қаласында 7 ақпан мен 14 наурыз аралығында өтетін болды.

Азия Олимпиада кеңесі кешенді жарысты үйлестіруші комитет өкілдерімен кездесіп, бойтұмар, эмблема және ұранды бекітіп үлгерді. IX бәсекенің ұраны: «Қысқы армандар, Азия орталығындағы махаббат» (Dreams of Winter, Love among Asia).

Айта кетейік, Харбинде осыған дейін 1996 жылы қысқы Азия ойындары өткен. Сол кездегі мұз сарайының бірнеше алаңы келесі жылы да қолданылмақ. Реті бойынша ІІІ ойындар Қазақстан делегациясы үшін табысты болды. Ұлттық құрама сол жылы 14 алтын, 9 күміс, 8 қола (барлығы 31) жүлдемен жалпы есепте жарыс қожайынынан кейінгі 2-сатыға жайғасқан.