Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) орта салмақта WBO тұжырымы бойынша "уақытша" чемпион титулын жеңгеннен кейін қарсыластарына үн қатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Әлімханұлы 22 мамырда Лас-Вегаста ұлыбританиялық Дэнни Дигнумды (14-1-1, 8 КО) мерзімінен бұрын жеңген болатын. Титул сарапқа салынған жекпе-жек екінші раундта аяқталған. Бұл жетістік қазақстандыққа әлемдік белбеу алуға мүмкіндік берген еді.
"Жаттығу жасағым келеді", - деп жазды.
Біраз уақыттан кейін қазақстандық қарсыластарына үндеу жасап, өзінің титулдық жекпе-жегінен видео салды.
Орта дивизиондағы WBO чемпиондық белбеуінің иегері - америкалық Деметриус Андраде, WBC титулы АҚШ-тың басқа боксшысы Джермалл Чарлода, ал WBA Super, IBF және IBO белдіктері Геннадий Головкинге тиесілі.
Әлімханұлы WBO-ның орта салмақтағы әлем чемпионы америкалық Деметриус Андрадемен кездесуі мүмкін.
Қазақстандық боксшы Twitter-дегі парақшасында пост салып, кез келген қарсыласпен рингке шығуға дайын екенін білдіртті.
1673 рет оқылды