Пакьяо өз ауылындағы балалар бос жүріп, есірткіге әуес болмауы үшін спорт алаңдарын, қоғамдық саябақ және көпбейінді орталық та салдырған.
Филиппин боксшысы Мэнни Пакьяо тұрмысы нашар көпбалалы отбасында өсті. Балалар негізінен тамыр жемістерімен (сәбіз, қызылша сияқты) және бананмен тамақтанды. Сондықтан Мэнни отбасына көмектесу үшін 12 жасында жұмысқа тұрды. Ол көшеде тәттілер сата бастап, бос уақытында бокспен шұғылданады.
Бұл істе оған көмектескен немере ағасының айтуынша, Мэнни ешқашан жалқау болмаған. Ол табандылығының арқасында сегіз салмақ дәрежесінде әлем біріншілігін жеңіп алған әлемдегі жалғыз боксшы атанды. Одан бөлек саясатпен айналысып, конгрестегі сайлауда жеңіске жетті.
Мэнни Пакьяо жекпе-жектен алған алғашқы қомақты жүлдесіне өзі туып-өскен Танго елді мекенінің кедей тұрғындарына бірнеше үй салып берді. Уақыт өте келе үйсіз-күйсіз жүрген мың отбасыға баспана тұрғызды.
Пакьяо өз елді мекенін "Пакман-вилладж" деп атады. Ал балалар бос жүріп, есірткіге әуес болмауы үшін спорт алаңдарын, қоғамдық саябақ және көпбейінді орталық салдырды.
Мэнни Филиппиндегі ең табысты және ең бай адам саналады. Ол ешқашан жетістігімен мақтанып, дандайсыған емес. Өз ісімен жастарға, тұтастай алғанда әлемдегі барлық адамға үлгі бола білді.