Рио-де Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында 59 келіде ел намысын қорғап жатқан Алмат Кебіспаев жұбаныш белдесуінде норгевиялық Стиг Андре Бергеден жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Белдесу тең дәрежеде өтті. Алайда сәл ғана басымдылықпен (0:2) норвегиялық балуан жеңіске жетті.
Жерлесіміз алғашқы айналымда ресейлік Ибрагим Лабазановты 4:0 есебімен ұтқан болатын. Екінші кезеңде жапониялық Шинобу Отаға есе жеберді.
Одан кейін жұбаныш белдесуінде алты дүркін әлем чемпионы, Лондон Олимпиадасының чемпионы, ирандық Хамид Сорианды жеңген еді. Алайда новегиялық балуаннан әрі аса алмады.
Ұлт порталы