Фото: Руслан Пряников
Kcell тариф бағасын көтермейтінін хабарлады. Бұл туралы ult.kz хабарлайды.
Бүгін жетекші ұялы байланыс операторы Kcell алдағы уақытқа жоспарланған тариф бағасын өсіру туралы шешімін қайта қарады.
"13 желтоқсанға жоспарланған түзету 18 тарифтік жоспарды орта есеппен 400 теңгеге қымбаттатуы тиіс еді.
Дегенмен, компания тарифтік саясат мәселелерін бейінді министрлік – ҚР ЦДАӨМ-мен талқылап, нәтижесінде қызметтердің құнын көтермеу туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді.
Kcell азаматтар алдындағы өз жауапкершілігін түсініп, қазіргі экономикалық жағдайды ескеріп отыр. Компания басшылығы тарифтерді қайта қарауға дәл қазіргі уақыт ыңғайсыз екенін айтады. Сондықтан клиенттеріне тұрақты жағдайды ұсынуды жалғастыратынын мәлімдеді.
Cонымен қатар, біз құбылмалы жағдайларға бейімделу үшін, қызмет сапасын сақтай отырып, инвестициялық бағдарламаны қайта қарап жатырмыз", -деп хабарлайды Kcell.