Алматы прокуратурасы қаланың жер ресурстарын басқару департаментіне Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (ҚазҰУ) жер учаскесін беру кезіндегі бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бас прокурор Берік Асылов "Ақ жол" фракциясының депутаттық сауалына жауап бере отырып, 2012 жылғы 30 қаңтарда ҚазҰУ әкімдігінің шешімімен ауданы 73,26 гектар жер берілгенін еске салды.
"2017 жылдың 2 қазанында қала әкімдігі осы учаскенің шекарасын түзету туралы қаулы қабылдап, оның көлемін 1,82 гектарға азайтты. Учаскенің 0,74 гектары Оmirex ЖШС-на және 0,56 гектары коммуналдық қызметтерге кетті. Сонымен қатар, Ш.А. Мұстафаев 0,52 гектарды алған", - делінген жауапта.