Әсем қала Алматыда көптен күткен 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсияда алауы жағылды. Биылғы Универсиаданың ерекшелігі елімізде 16-жерден алау жағылғандығында.
Алматыда Универсиада алауы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен бастау алды. Шараға Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық үниверситетінде білім алып жүрген студенттер мен оқытушылар қатысты. Олардың қатарында ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінде білім алып жүрген 100-ден аса Ауған Ислам Республкасынан келген шетелдік тыңдаушылар бар. «Универсиада-2017» эстафета алауын Алматы қаласының әкімі Бауыржан Бәйбек жақты. Эстафетаға Дмитрий Баландин, Сәбина Алтынбекова, Ольга Шишигина, Нұртас Адамбай, Қарлығаш Мұхамеджанова, Қайрат Боранбаевтар қатысты.
Универсиада аясында спорттың 12 түрінен жарыстар өтеді деп жоспарланған. Мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғысы спорты, сноубординг, биатлон, шаңғы жарысы, шайбалы хоккей, керлинг міндетті спорт түрлері. Ал қабылдаушы тараптың ұсынысы бойынша енгізілген қосымша спорт түрлеріне шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы, фристайл, конькимен жүгіру спорты және бенди кіреді.
Ал, еліміздің атынан спорттың 12 түрінен 171 спортшы қатыспақ. Біздің жастар да осы спортшыларымызға жанкүйер болып, қала көшелеріндегі эстафетаға қатысты.
Көк байрағымыз көкте желбіресін, спортшыларымызға сәттілік!
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің
ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының оқытушысы Саткенова Ж.Б.