23 шіл, 2024 сағат 18:01

«Қазмұнайгаз» компаниясы жарты миллиард теңге айыппұл төледі


Фото:egemen.kz

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ мұнай өнімдерін сату саласында монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін 539,4 млн теңге айыппұл төледі, -деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".

Бұл шешім Астана қаласы бойынша бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басқармасы мен прокуратура органдарының бірлескен тексеруі нәтижесінде қабылданды.

Акционерлік қоғам 2023 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында мұнай өнімдерін сатуға берілген өтінімдерді елемеді, ал кейбір жағдайда мұнай өнімдерін өткізу мүмкіндігі бар болған жағдайда жеке сатып алушылармен мұнай өнімдерінің көлемін қысқарту жолымен кемсітушілік жағдайлар жасады.

«Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Департамент ҚР ӘҚБтК 159-бабының 3-1-бөлігі бойынша Акционерлік қоғамға қатысты әкімшілік іс қозғады. Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жылғы 27 маусымдағы қаулысымен қоғам 539,4 млн теңге сомаға әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген ақпаратта.


Айыппұл толық көлемде төленді.