17 нау, 2020 сағат 14:21

«ҚазМұнайГаз» компаниялар тобында коронавирус жұқтырғандар жоқ

«ҚазМұнайГаз» компаниялар тобында коронавирус жұқтырғандар жоқ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жөнідегі басқарушы директоры Қайрат Сақтағанов айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы қызметкерлерінің арасында 13 адам, оның 4-еуі стаицонарлық, 9-ы үй карантинінде жатыр. Қазіргі уақытта бізде бірде бір қызметкерде коронавирус анықталған жоқ», - деді ол. 

Оның атап өтуінше, компаниялар тобы кеңсе қызметкерлерінің жартысы үйден жұмыс істеуге көшірілген.