19 қар, 2016 сағат 11:23

"ҚазМұнайГаз" АИ-92 бензинін қолма-қол ақшамен сатпай жатыр

"ҚазМұнайГаз" жанармай құю бекеттерінде АИ-92 маркалы бензинін қолма-қол ақшамен сатпай жатыр, - деп хабарлайды "Ұлт ақпаратkaz.tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

"ҚазМұнайГаз" анықтама бөліміндегілердің айтуынша, қазіргі уақытта АИ-92 маркалы бензин тек клуб картасы немесе талоны бар клиенттерге сатылып жатыр. "Клиентте карта немесе талон болса, ол еш қиындықсыз жанармайын құйып алады. Дәл қазір біз АИ-92 маркалы бензинін қолма-қол ақшамен сата алмаймыз. Кейбір жерлерде АИ-92 қолма-қол ақшаға сатылып жатыр. Бірақ онда тек 10 немесе 20 литр жанармай құюға болады", - деді компанияның анықтама бөліміндегілер.

Сондай-ақ, олар "ҚазМұнайГаз" жанармай құю бекеттеріне қысқы дизель отыны келмегенін айтты. Қысқы дизель отыны әзірше тек Астанада, Алматыда және Павлодарда бар екен.