05 қыр, 2016 сағат 09:03

«Қазақтың бітіп, тынып тұрған нәрсесі жоқ…»

«…Төңірекке қарасаң, түнерген бұлттар әлі бар. Түбі қандай болады екен деп қобалжымалық…

Дауылды жауын ету қолымыздан келмесе де, үйімізді үй етіп, шашылмай қалудың қамын желік. Дүниенің төріне ұмтылғандар төрден орын алып жатыр. Ұмтылмағандар есікте қалып жатыр… Қалмайық десек, қарап жатпалық. Көп ісіне, көп болып жабылайық…

Қолымнан не келеді деп қорынбайық. Ұлтыңа қызмет етуге ниет болса, жұмыс табылады. Көп жұмыстың ауыры да, жеңілі де болады. Қазақтың бітіп, тынып тұрған нәрсесі жоқ. Әркім әлінен келер жұмысын алсын. Жадымызда болсын, аз нәрсе көпке сеп болмақшы. Сәл демеу зорға сүйеу болады. Ұлы іс ұсақтан ұлғаяды…

Ұлт үшін күштің ұлғаюына үлес қосу қазақ баласына міндет. «Елін қорғайтын ер болайық! Ерін қолдайтын ел болайық!» Қай ісіміздің де Құдай сәтін салғай! «Әумин» деп қол жайып, «Әуп» деп күш қосып, «Алла» деп іске кірісейік!!!»

Ахмет Байтұрсынұлы