#
#
Жұма 18/09/2020

Қазақтың асар дәстүрін заманға сай қайта жаңғыртуымыз қажет - Мемлекет басшысы

  • 10.12.2019
  • 0
  • 750

Қазақтың асар дәстүрін заманға сай қайта жаңғыртуымыз қажет. Бұл туралы бүгін Жастар жылының жабылу және Волонтер жылының ашылу салтанатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Волонтер жылы баршамызға, әсірсе жастарға үлкен жауапкершілік жүктейді. Сондықтан сіздерді осы игі бастамаға белсенді атсалысуға шақырамын. Жастарымыз мұқтаж жандарға көмек қолын созуға әрдайым дайын болуы керек. Дана қалқымыз «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген. Қайырымдылық пен мейірімділік қанымызға сіңген қасиет. Қазақта асар жасап, бір-біріне көмектесіп, қолдау көрсету дәстүрі бар. оның волонтерлікпен үндесетіндігі сөзсіз. Сондықтан алдағы жылы сол дәстүрді заманға сай қайта жаңғыртуымыз қажет», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті осы жалпыұлттық бастаманың негізгі қозғаушы күші жастар екендігін баса айтты.

«Бұл істе біз белсенді жастарымызға зор сенім артамыз. Елге қызмет ету тек білімді ғана емес, намысты да талап етеді. жас ұрпақтың ар-намысы жоғары болса, мемлекетіміздің мәртебесі биік болады. Қазіргі жастар Бауыржан Момышұлының «Отан үшін отқа түс, күймейсің» деген сөзін берік ұстануы керек. Өйткені, Тәуелсіз Қазақстанның тұғырлы тірегі, үкілі үміті, берік қалқаны өздеріңіз. Қайратты жастарымыз көп болса, мемлекетіміздің болашағы баянды болады деп сенемін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар