Қазақтелекомның техникалық мамандары Тасқала ауданының орталығында үш жаңа көппәтерлі үйді талшықты-оптикалық желіге қосуды аяқтады.
Бұған дейін тұрғындар интернетке қосылу мүмкіндігі жоқтығынан едәуір қиындықтар көріп келген еді. Енді олар барлық заманауи цифрлық қызметтерді пайдаланып, ауылдағы өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік алды. Қазір телеком-оператордың жаңа оптикалық желісіне 70-тен астам пәтер қосылған.
"Мен Тасқала ауданы бойынша «оптиканың» алғашқы клиентімін, Қазақтелеком компаниясының қызметкерлеріне алғыс айтсам деймін. Осы компания қызметін қолданамыз және дос-жаран, туыстар мен таныстарымызға қосылуға кеңес береміз. Интернеттің жылдамдығы мен сапасы өте жақсы!",- деп атап өтті компанияның клиенті Ильдар Тапалов.
Батыс Қазақстан облысында 28 000-нан астам клиент талшықты-оптикалық желіге қосылған. Сонымен қатар, биыл «Тазарту» жобасы аясында осыған дейін мыс желісін пайдаланып келген 4000-нан астам пайдаланушы талшыққа ауыстырылатын болады. Жақын арада компания 300-ден астам үйді қамтитын Сырым ауданының Жымпиты аудан орталығын «оптикаға» қосуды жоспарлап отыр.
