Фото: ашық дереккөз
Қарағанды қаласында Алика Мұхамадиеваға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Ult.kz.
Threads әлеуметтік желісінде қазақтар мен мұсылмандардың намысын қорлады деп айыпталған Алика Мұхамедиева Қазыбек би атындағы аудандық соты 3,5 жылға бас бостандығынан айыру туралы жаза қабылдады.
Алайда сот Қылмыстық кодекстің 74-бабы негізінде жазаны орындауды кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады. Мұндай шешімнің қабылдануына Мұхамадиеваның екі жасар баласының болуы себеп болған.
Айта кетейік, 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап күшіне енген заңға сәйкес, егер әйелдің кішкентай баласы болса, 5 жылдан астам мерзімге тағайындалатын ауыр қылмыстардан өзге жағдайларда, жазаны өтеуді кейінге қалдыру міндетті түрде қарастырылады.
Осыған байланысты соттың бүгінгі шешімі қолданыстағы заң нормаларына толық сәйкес қабылданған.
