13 сәу, 2023 сағат 19:16

Қазақтар мен Қазақстан – «орыс әлемінің» бір бөлігі - Петр Своик

Фото: Time.kz

Еш жерде тіркелмеген «Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы Петр Своик Airan Youtube арнасына берген сұхбатында Қазақстан мен қазақ халқын «орыс әлемінің» бір бөлігі деп атады. Бұл туралы halyq-uni.kz сайты жазды.

"Қазақстан мен қазақтар – «орыс әлемінің» бір бөлігі. Ол тарихи және географиялық тұрғыдан алып қарағанда солай. Әрине, кезінде бәрі жақсы болды деп айта алмаймын. Дегенмен Қазақстан мен қазақтар – «орыс әлемінің» бір бөлігі", – деді ол.

Оның айтуынша, сауатты, оқымысты қазақтар өздерін іштей «орыс әлеміне» жатқызады. Олар өз қандастарының ортасында жүрсе де, орысша ойлап, орысша сөйлейді.

"Тіл бар жерде дүниетаным бар, білім, информатика бар. «Орыс әлемі» болған, қазір де бар, бола береді де", – деді Своик.

Сонымен бірге ол егер Қазақстанда қазақтар жалғыз қалса да, орыстілді болып қала беретінін айтты.