25 қаң, 2021 сағат 11:15

Қазақстанның үздік теннисшілері рейтингтегі орнын сақтап қалды

Қазақстанның үздік теннисшілері Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтингінде өз орнын сақтап қалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина бұрынғыша 19-ыншы, сондай-ақ Юлия Путинцева 28-інші, Зарина Дияс 81-сатыда тұр. 

Ал Жібек Құламбаева, Екатерина Дмитриченко, Дарья Детковская және Галина Воскобоеваның рейтингтегі көрсеткіштері төмендеді, өйткені олар өткен аптада ұпайларын толықтыра алған жоқ. 

WTA-ның 25 қаңтардағы рейтингі:

1 (0). Эшли Барти (Аустралия) – 8717

2 (0). Симона Халеп (Румыния) – 7255

3 (0). Наоми Осака (Жапония) – 5780

4 (0). София Кенин (АҚШ) – 5760

5 (0). Элина Свитолина (Украина) – 5260

6 (0). Каролина Плишкова (Чехия) – 5205

7 (0). Арина Соболенко (Беларусь) – 4580

8 (0). Бьянка Андрееску (Канада) – 4555

9 (0). Петра Квитова (Чехия) – 4516

10 (0). Кики Бертенс (Бельгия) – 4505

19 (0). Елена Рыбакина (Қазақстан) – 2718

28 (0). Юлия Путинцева (Қазақстан) – 2015

81 (0). Зарина Дияс (Қазақстан) – 928

287 (-1). Анна Данилина (Қазақстан) – 224

459. (0). Гөзал Айнитдинова (Қазақстан) – 93

628 (-3). Жібек Құламбаева (Қазақстан) – 53

892 (-2). Екатерина Дмитриченко (Қазақстан) – 21

1104. (-5). Дарья Детковская (Қазақстан) – 10

1331 (-4). Галина Воскобоева (Қазақстан) – 3.

Жұптық сында Г.Воскобоева 72-інші, А.Данилина 139-ыншы, Ю.Путинцева 187-орында қалды.

Ерлер арасында Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының (ATP) рейтингісінде бұрынғыша сербиялық Новак Джокович көш бастаса, испаниялық Рафаэль Надаль екінші, аустриялық Доминик Тим үшінші орында келеді.

Қазақстандықтардан Александр Бублик 45-інші, Михаил Кукушкин 89-орнында қалса, жарақатына байланысты жарыстардан тыс қалып жүрген Дмитрий Попко 165-тен 167-ге төмендеді. 

Жұптық сында М.Кукушкин 76-сатыда қалса, Андрей Голубев 85-тен 88-ге, А.Бублик 88-ден 89-ға, Александр Недовесов 133-тен 134-ке сырғыды.

А.Недовесов бүгін Анталияда басталатын челленджер турнирінде (жүлде қоры – 44820 АҚШ доллары) жұптық сында бақ сынайды. Ол украиналық Денис Молчановпен бірге алғашқы айналымда америкалықтар Роберт Гэллоуэй мен Алекс Лоумен шеберлік байқасады.