20 мау, 2020 сағат 21:07

Қазақстанда тағы 5 адам COVID-19 індетінен қайтыс болды

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан тағы 5 адам көз жұмды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Олар:

Нұр-Сұлтан қаласында - 54, 64 және 78 жастағы ер адамдар; 

Ақмола облысында - 65 жастағы әйел;

Алматы қаласында - 60 жастағы ер адам. 

«Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды «коронавирус инфекциясынан қайтыс болған» деп тіркеуге шешім қабылдады», - делінген ақпаратта. 

Бүгінге дейін Қазақстанда қауіпті індетті жұқтырудың 16779 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 10671 адам жазылып шықса, 118 науқас көз жұмды. 

Қайтыс болғандар бойынша өңірлердегі статистика: 

Нұр-Сұлтан қаласында – 32
Алматы қаласынданда – 18
Шымкент қаласында – 13
Ақмола облысында – 8
Ақтөбе облысында – 1
Атырау облысында – 3
Шығыс Қазақстан облысында – 1
Жамбыл облысында – 1
Батыс Қазақстан облысында – 6
Қарағанды облысында – 10
Қостанай облысында – 2
Маңғыстау облысында – 2
Павлодар облысында – 13
Түркістан облысында – 8