Өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды бағалаудың матрицасы жарияланды. Коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймаққа Батыс Қазақстан облысы қайта кірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
18 наурызда бұл өңір қауіпті аймақтан шыққан еді, алайда өткен тәулікте облыста вирус жұқтырған 81 науқас тіркелді.
19 наурыздағы жағдай бойынша "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан облысы.
"Сары" аймақта: Ақмола, Алматы, Атырау және Қарағанды облыстары.
Қалған өңірлер "жасыл" аймақта орналасқан.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте Қазақстанда 1264 адамда ПТР-тест оң нәтиже көрсетті. Науқастардың дені Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қарағанды облысында анықталды.
17 наурызда республикада 1 186 науқас тіркелген еді.