Фото: pixabay.com
Қазақстанның сыртқы қарызы 2024 жылдың алғашқы жартыжылдығының соңында 166,7 млрд долларға дейін өсті, деп хабарлайды Ult.kz Ұлттық банкке сілтеме жасап.
2024 жылдың басымен салыстырғанда Қазақстанның сыртқы қарызы 1 шілдеге қарай 3 млрд долларға өсіп, 166,7 млрд долларға тең болды, деп көрсетілген Ұлттық банк ұсынған есепте.
Құжатқа сәйкес, сыртқы қарыздың құрылымында 87,5%-ы бір жылдан асатын ұзақ мерзімді сыртқы қарыз болып табылады. Қарыздың 73,9%-ы резидент еместерден алынған несиелер мен қарыздар болса, 8%-ы резидент еместердің қолындағы қарыздық бағалы қағаздар.
Айта кетейік, Қазақстанның сыртқы қарызы 2023 жылдың III тоқсанының соңында 161,9 млрд доллар болған еді.