11 сәу, 2023 сағат 22:14

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ресейге ресми сапармен барды

Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың шақыруымен Ресей Федерациясына ресми сапармен барды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сапар барысында РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен және РФ Президентінің сыртқы саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Юрий Ушаковпен екіжақты кездесулер өтті.

Тараптар Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының ағымдағы жай-күйі мен даму перспективаларына, сондай-ақ ТМД, ЕАЭО, ҰҚШҰ қоса алғанда, интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі екіжақты өзара іс-қимылға байланысты өзекті мәселелерді талқылады.

Өңіраралық және шекара маңындағы өзара іс-қимылды нығайту, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту және түрлі салаларда бірлескен жобаларды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды" - делінген ҚР СІМ хабарламасында.


Сондай-ақ, тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, жоғары және аса жоғары деңгейдегі алдағы іс-шараларға дайындық барысын қарастырған.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ресейдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы 2023-2024 жылдарға арналған ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойылған.