24 мау, 2023 сағат 11:42

Қазақстанның Ресейдегі елшілігі мәлімдеме жасады

Қазақстан Республикасының Ресейдегі Елшілігі мәлімдеме жасап, Ресейдің Украинамен шекаралас аймақтарына бармауға шақырды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Ресейдің Украинамен шекаралас аймақтарында қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлерге байланысты аталған аймақтарға барудан бас тартуды сұраймыз" - делінген хабарламада.

Дипломатиялық ведомство Ресей Федерациясында, әсіресе Украинамен шекаралас аймақтарда жүрген еліміздің барлық азаматтарын міндетті түрде елшілік сайтында консулдық есепке тұруға шақырды (консулдық есепке сілтеме бойынша онлайн тұруға болады).

Елшілік өкілдерінің сөзінше, төтенше жағдайлар туындаған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтарына барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетіледі. 

Елшіліктің сенім телефоны: +7-925-897-71-14.

Еске салайық, бұған дейін бірнеше ресейлік БАҚ елде ішкі қақтығыс басталғанын хабарлаған болатын.

Фото: Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі