Қазақстанның Франциядағы елшісі Гүлсара Арыстанқұлова Монакодағы елші және еліміздің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі болып тағайындалды. Тиісті жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Гүлсара Мерейқызы Арыстанқұлова Қазақстан Республикасының Монако Князьдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, БҰҰ Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды", - делінген хабарламада.