12 мау, 2020 сағат 12:55

Қазақстанның мемлекеттік қарызы қауіпсіз деңгейде тұр – Қаржы министрі

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстанның мемлекеттік қарызы қандай деңгейде тұрғанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2019 жылдың қорытындысы бойынша, жалпы ішкі өнімге шаққанда мемлекеттік борыш көлемінің лимиті 50% болғанда - 24%-ды құрады. 2020 жылғы бірінші тоқсанның соңында бұл көрсеткіш 25,5% теңесті. 2019 жылы бюджетке түскен борыштық жүктеме 15% лимиттің 12,9%-ын құрады. Болжам бойынша, 2020 жылы бұл көрсеткіш республикалық бюджет кірістерінің шамамен 13,1%-ын құрайды, яғни бұл қауіпсіз деңгей», - деді Ерұлан Жамаубаев ОКҚ алаңы арқылы халық алдында есеп беру кезінде. 

Осылайша, министр мемлекеттік борышты қауіпсіз деңгейде ұстау үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатқанын жеткізді.