19 мау, 2020 сағат 13:16

Қазақстанның Еңбек ері Елбасының тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді

Аса қадірменді Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы!

Бүкіл әлемді дүрбелеңге салған короновирус пандемиясының кесірі Сізге де жеткенін естіп көңіліміз құлазыды.

Мен және біздің ұжым Сіздің денсаулығыңыз үшін алаңдауда. Қиын-қыстау кезеңде әрдайым жеңімпаз болып шығатын қайсар, табанды мінезіңіз осы жағдайды да тезірек еңсеретініне сеніміміз мол.

Өзіңіздің басшылығыңызбен өткен бірқатар жиындар мен кездесулерге қатыстым. Еліміздің бүкіл аграршылары Сіздің осы саланың күрделі мәселелерін түсініп, оның дамуына әрдайым қолдау көрсеткеніңізге ризашылығын білдіреді.

Сіздің қолдауыңыздың арқасында бүгінгі күнде біз шығаратын өнімдер алыс және жақын шетелге экспортталады. Сіз Қостанай облысы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің жоғары кәсіби біліктілігін үнемі атап өтесіз. Берген бағаңыз бен сеніміңіз бізді жаңа жетістіктерді бағындыруға жетелейді.

Өзіңізге алаңдап отырған халқыңыздың тілегімен тез арада сауығып, елімізді жаңа жеңістерге бастай беруіңізге тілектестік білдіремін.

Тұрсынов Алмат Жанәбілұлы 

Қазақстанның Еңбек Ері,

«Қарасу Астық» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы