Мәдениет және спорт министрлігінің YouTube арнасында Ғазиза Жұбанова атындағы мемлекеттік ішекті аспаптар квартетінің концерті өтеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жаз әуендері» жобасының кезекті концертін жалғастыратын Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы. Аз уақыт ішінде ұжым отандық және әлемдік музыка мәдениетінің ірі жетістіктерін кеңінен насихаттауға бағытталған көпсалалы концерттік және музыкалық-дәрістік қызметті дамытты. Аталмыш филармонияның жоғары кәсіби ұжымдары мен әртістері көптеген республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары», делінген хабарламада.
Kazakh quartet атты Ғазиза Жұбанова атындағы мемлекеттік ішекті аспаптар квартетінің көркемдік жетекшісі – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Ернар Мыңтаев.
Ұжымның құрамы - Айдар Тоқталиев бірінші скрипка, Алексей Лебедев екінші скрипка, Бекзат Сайлаубайұлы альт, Ернар Мыңтаев виолончель.
Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті жоғары орындаушылық шеберлігі, мінсіз ойнау техникасы және ансамбльдік сезімі үшін Қазақстанның ең үздік камералық ұжымы аталды.
Концерттің онлайн-премьерасы 26 шілде күні сағат 19.00-де Мәдениет және спорт министрлігінің YouTube арнасында өтеді.