Фото: ашық дереккөз
2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 103 407,2 млн АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды Ult.kz.
9 айдағы экспорт көлемі 57 500,4 млн АҚШ доллары болды.
Экспорт бойынша негізгі серіктес елдер:
- - Италия (21%)
- - Қытай (18,8%)
- - Ресей (10,3%)
- - Нидерланд (7,6%)
- - Түркия (4,8%)
- - Өзбекстан (4,4%)
Экспорт құрылымында ең үлкен үлес келесі тауарларға тиесілі: шикі мұнай және мұнай өнімдері, мыс және мыс қорытпалары, радиоактивті химиялық элементтер, кен мен мыс концентраттары және т.б.
2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы импорт көлемі 45 906,8 млн АҚШ долларын құрады.
Импорт бойынша негізгі серіктес елдер:
- - Қытай (29,5%)
- - Ресей (29,1%)
- - Германия (4,5%)
- - АҚШ (3,6%)
- - Корея Республикасы (3,6%)
- - Франция (2,5%)
Импорт құрылымында ең үлкен үлес келесі тауарларға тиесілі: жеңіл автомобильдер, дәрілік заттар, моторлы көлік құралдарына арналған кузовтар, телефон аппараттары және т.б.
