16 қаң, 2021 сағат 08:15

Қазақстанның ЕАЭО елдеріне экспорты 13,5% азайды

Қазақстан Республикасының Еуразия экономикалық одағы (ЕАЭО) елдерімен сауда-саттық көлемі 9,6% азайды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазақстанның ЕАЭО елдерімен 2020 жылғы қаңтар-қарашадағы өзара саудасы 17660 млн АҚШ долларын құрап, 2019 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 9,6% азайды. Соның ішінде экспорт – 4966,4 млн АҚШ долларын (13,5% азайды), импорт 12693,6 млн АҚШ долларын (7,9% азайды) құрады.

Қазақстанның Одаққа мүше мемлекеттермен сыртқы саудасында көлемі жағынан алдыңғы орында Ресей Федерациясы тұр – 92,2%. Кейін Қырғызстан – 4,1%, Беларусь – 3,6%, Армения – 0,1% елдері орналасқан.