15 қаз, 2020 сағат 10:18

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы төмендеді

Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара саудасы осы жылдың 8 айында 12,2 пайызға төмендеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті таратқан ақпаратқа сәйкес, 2020 жылғы қаңтар-тамыздағы Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 12 027,4 млн АҚШ долларын құрап, 2019 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 12,2 пайызға азайды. Оның ішінде экспорт – 3 348 млн АҚШ доллары (18,6 пайызға азайды), импорт – 8 679,4 млн АҚШ доллары (9,5 пайызға азайды) болды.

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымы жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 92,4, Қырғызстан Республикасына – 4,0, Беларусь Республикасына – 3,5, Армения Республикасына 0,1 пайыздан келеді«, - деп атап өтеді комитеттен.