Фото: Ult.kz коллажы
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев референдумда дауыс берді. Әртүрлі БАҚ оның дауыс беру сәтінен видео мен фотосурет жариялап жатыр, деп хабарлайды Ult.kz.
Кабинадан шыққаннан кейін Нұрсұлтан Назарбаев журналистердің сұрақтарына жауап беруден бас тартып, қысқаша тілек тілеумен шектелді.
Еске салайық, президент кезінде Назарбаев АЭС салуды бірнеше рет жақтаған, бұл тек уақыт мәселесі екенін айтқан болатын. 2014 жылы ол бұл туралы халыққа жолдауында мәлімдеді. 2021 жылы ол президент болмаса да, Елбасы ретінде бір сөзінде тағы да айтып өткен.