22 ақп, 2021 сағат 15:05

Қазақстанның баскетбол құрамасы Азия кубогында Шри-Ланканы ойсырата жеңді

Қазақстанның баскетболдан ұлттық құрама командасы Манамада (Бахрейн) өткен 2021 жылғы Азия кубогында Шри-Ланка командасын жеңіп шықты. Бұл туралы Sports.kz сайты хабарлады.

Матч 107:37 есебімен аяқталды.

Еске сала кетейік, Шри-Ланка мен Қазақстан арасында бірнеше күн бұрын (18 ақпан) өткен бірінші ойында «Дала көкжалдары» қарсыласын 111:52 есебімен жеңді.