Фото: ашық дереккөз
2025 жылы Қазақстанның әйелдер бокс құрамасы халықаралық аренада айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді, деп хабарлайды Ult.kz.
2025 жылдың 9-16 наурызы аралығында Сербияның Ниш қаласында өткен әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы тарихи нәтиже көрсетті. Жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болып, спортшыларымыз 3 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.
Жүлдегерлер:
- Назым Қызайбай (48 кг): алтын медаль иегері, осылайша ол Қазақстан боксы тарихында тұңғыш рет үш дүркін әлем чемпионы атанды.
- Алуа Балқыбекова (50 кг): алтын медаль иегері, бұған дейінгі әлем чемпионаттарында күміс (2022) және қола (2023) медальдарға ие болған.
- Аида Әбікеева (63 кг): алтын медаль иегері, бұл оның әлемдік деңгейдегі алғашқы алтын медалі.
- Виктория Графеева (60 кг): күміс медаль иегері.
- Елдана Тәліпова (+81 кг): күміс медаль иегері.
- Наталья Богданова (70 кг): қола медаль иегері.