16 ақп, 2021 сағат 08:10

Қазақстанның алтын-валюта қорының көлемі қанша?

Қаңтарда Қазақстанның алтын-валюта резерві 35,6 млрд долларды құрады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Алтын-валюта резервтері өзгермей, биылғы қаңтардың соңында алдын ала деректер бойынша 35,6 млрд АҚШ доллары болды. Алтын бағасының төмендеуі нәтижесінде алтын портфелінің төмендеуі еркін конвертацияланатын валютадағы активтердің өсуімен теңестірілді», - деді Ерболат Досаев. 

Оның айтуынша, шетел валютасындағы активтер мемлекеттік қарызды төлеумен, сондай-ақ екінші деңгейдегі бір банктің 500 млн АҚШ долларына валюталық облигацияларын өтеу міндеттемелерін орындауына байланысты Қазақстан Ұлттық банкіндегі шоттардан екінші деңгейдегі банктер қаражатының әкетілуімен ішінара реттелген Азия даму банкі қарызынан қаражаттың келуі есебінен өсті.

«Жалпы халықаралық резервтер жыл басынан бастап 1 млрд АҚШ долларына төмендеп, 93,3 млрд АҚШ долларын құрады», - деді Ұлттық банк төрағасы.