30 мамырда араб елінде тұрып жатқан Қазақстан азаматтары мінген чартерлік рейс Катар астанасы Дохадан Қазақстанға ұшып келді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Репатриациялық рейс Қазақстан елшілігі, Катар Республикасының авиация билігі, Qatar Airways және Air Astana әуе компанияларымен бірлесіп ұйымдастырылды. Карантиндік шаралардан кейін араб мемлекетінде қалып қойған 60-қа жуық Қазақстан азаматы отанына оралды. Елшілік Катар мемлекеттік органдары мен Air Astana әуе компаниясына көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреді», - деп атап өтті Катардағы ҚР елшісі Асқар Шоқыбаев.