03 қаң, 2018 сағат 11:50

Қазақстанның 100 жыл бұрынғы картасы табылды

Ақмола облысынан қазіргі Қазақстан аумағындағы елді мекендердің картасы табылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" әкімнің кеңесшісі Марат Иғалиге сілтеме жасап. Ол осы жаңалықты Фейсбуктағы парақшасында бөліскен.

Қазір географиялық карта өңірдің облыстық архивінде тұр. Оны 1894 жылы генерал-майор Большевтің басшылығымен әскери топографтар корпусы жасап, 1919 жылы өзгертулер енгізілген.

«Құжат Ақмола облысы аудандарының бірінен кездейсоқ табылды. Карта Қазақстан тарихын зерттеушілерге құнды дерек болатынына сенімдімін. Арнайы зерттеу жұмысын ұйымдастырамыз (...). Карта бірегей әрі толықтай жасалған. Алдағы уақытта, қысқы демалыс аяқталысымен осы бағыттағы жұмысты бастауға бел буып отырмыз. Бастысы - ұмыт бола бастаған тарихи елді мекендердің  деректерін қалпына келтіру (...). Карта жақсы сақталмаған, сондықтан алдымен қалпына келтіруді талап етеді», - деді Марат Иғали.