07 жел, 2022 сағат 08:54

Қазақстаннан Украинаның аппараты ұшырылған жоқ – министрлік


Қазақстан Қорғаныс министрлігі Украина қарулы күштерінің ұшқышсыз ұшатын аппараты ел аумағынан ұшырылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Портал мәліметінше, ресейлік БАҚ-та Украина қарулы күштеріне тиесілі ұшқышсыз ұшатын аппараттың (ҰҰА) Қазақстан аумағынан жіберілгені туралы ақпарат жарияланған. Оның мақсаты ресейлік аэродромдар болған екен.

Қорғаныс министрлігі бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді.


Ведомство мәліметінше, таралған ақпарат - жалған.

"Московский Комсомолец» порталында жарияланған Қазақстаннан ресейлік әуеайлақтарға ҰҰА ұшырылғаны туралы мәлімдемелер шындыққа жанаспайды. Сонымен қатар, бұл ҰҰА-лар ҚР Қарулы Күштерінде мүлдем болмаған", - деді министрлік өкілдері.