03 ақп, 2021 сағат 10:27

Қазақстаннан шетелге ақша аудару операциялары күрт артты

Қазақстаннан шетелге ақша аударымдарының көлемі күрт өсті. Мұндай мәліметті ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев ОКҚ-да өткен жатқан баспасөз мәслихатында бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жалпы, 2020 жылы 11,5 мыңға жуық салықтық тексеру жүргізілген. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 58% немесе 16 мыңға аз. Десе де өндіріп алу сомасы 78 млрд теңгені құраған. 2020 жылы 2,9 мың кедендік тексеру жүргізіліп, оның нәтижесінде 30,6 млрд теңге көлемінде қосымша кедендік түсімдер мен салықтар қосымша есептеліп, 11,3 млрд теңге өндірілген. 

«Жалпы, біз тексерулерге дәлірек шыға бастадық. Оны жарияланған статистика бойынша бағалауға болады. Қашықтан басқарудың тиімділігі 18% артып, қосымша 325 млрд теңге ұсынылды. Қашықтан басқарудың жаңа әдістері әзірленді. Тәуекелді компанияларды ерте кезеңде анықтау және ЭШФ (электронды шот-фактура) беру қызметтерін шектеу үшін пилоттық жоба жүзеге асырылуда», - деді Марат Сұлтанғазиев.

Ол пилоттық жоба басталғаннан бері 5 мың тәуекелді салық төлеушіге ЭШФ беру мүмкіндігі шектелгенін, оның айналымы 2 трлн теңге, жоба іске қосылғаннан бері барлығы 60 млрд теңге болғанын атап өтті.

«2016 жылдан бастап алғаш рет Қазақстанда қолма-қол ақша алу 38% қысқарды. Алайда осы жылдың 11 айында елден тыс жерлерге ақша аударымдарының көлемі күрт өсті. Бұл бағыттағы өсім 19% құрап отыр. Біз осы қаражаттардың аударылуының орындылығын нақтылауды осы жылдың басым міндеті ретінде қойдық», - дейді Марат Сұлтанғазиев.