Әскери дайындық департаментінің бастығы генерал-майор Алмаз Жұмакеев бастаған инспекциялық топ Қазақстанның бітімгер ротасын тексеру үшін Ливан Республикасына барды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қарулы Күштер өкілдері жауапкершілік Қазақстан бітімгер ротасына жүктелген аумақтағы ахуалмен, қазақстандық бітімгерлердің моральдық-психологиялық жағдайымен танысып, қару-жарақ, оқ-дәрі және тасып шығарылған мүліктердің жай-күйін тексерді, бөлімшелерді ротациялау мәселелерін айқындады.
Айта кетейік, үш жарым айдан бері Қазақстан бітімгер полкінің құрама бітімгер ротасының 120 әскери қызметшісі «БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштері» миссиясының үнді батальонының құрамында БҰҰ мандатына сәйкес, өңірдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау міндеттерін сәтті орындап жатыр.