Фото: facebook.com/FEGnassingbe
Того Республикасының президенті Фор Эссозимна Гнассингбе Қазақстанға ресми сапармен келеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 27-28 қарашада Того Республикасының Президенті Фор Эссозимна Гнассингбе Қазақстанға ресми сапармен келеді Сапар аясында жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіледі", - делінген хабарламада.
Келіссөздер барысында екіжақты сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту перспективалары, сондай-ақ Қазақстанның Африка құрлығындағы мемлекеттермен өзара ықпалдастық мәселелері талқыланады деп жоспарланып отыр.