05 қар, 2025 сағат 15:38

Қазақстанға қош келдің, Jetour T1!



«EXPO» халықаралық көрме орталығында Allur компаниялар тобына кіретін Jetour Qazaqstan ресми түрде Jetour T1 моделін таныстырды. Бұл жаңа көлік — қала кроссоверінің жайлылығын және саяхатқа арналған автомобильдің сенімділігін біріктірген модель.

Іс-шара Jetour бренді үшін Қазақстандағы маңызды оқиға болды. Оған еліміздің түрлі өңірлерінен серіктестер, Jetour көліктерінің иелері, БАҚ өкілдері мен пікір көшбасшылары қатысты. Ерекше сәттердің бірі — Jetour International штаб-пәтерінің өкілдерінің қатысуы еді. Олар брендтің қазақстандық нарықтағы қарқынды дамуын атап өтіп, жаңа модельдің табысты болашағына сенім білдірді.


Жаңа Jetour T1 – қазіргі заманғы мобильділіктің көрінісі: ықшам дизайн, ойластырылған интерьер, жоғары деңгейдегі жайлылық пен технологиялар. Бұл көлік — стильді, сенімділікті және еркін таңдау мүмкіндігін бағалайтын адамдарға арналған. Ол үлкен қаланың қарбалас өміріне де, жаңа әсерге апарар жолдарға да лайық.


«Біз үшін Jetour T1 – жай ғана жаңа модель емес, ол бренд философиясының айнасы. Біз адамдарды алға жетелеп, әрбір шақырымнан ләззат алуға шабыттандыратын автомобильдер жасауды мақсат етеміз», – деді Jetour Qazaqstan өкілі.


Іс-шара аясында Jetour Life атты жаңа жоба да таныстырылды — ол белсенді өмір салтына арналған фирмалық аксессуарлар мен тауарлар желісі. Бұл бастама бренд шекарасын кеңейтіп, автокөлік мәдениетін, жайлылық пен күнделікті өмір стилін біріктіруді көздейді.


Кештің басты бөлігі — жаңа Jetour T1 моделінің салтанатты таныстырылымы болды. Қонақтар қойылым тамашалап, көліктің мүмкіндіктерімен танысып, бренд философиясын тереңірек түсінді. Кештің атмосферасы технологияны, эстетиканы және шабытты ұштастырып, Jetour бренді нені білдіретінін айқын көрсетті.

Жаңа модельмен жақынырақ танысып, тест-драйвқа жазылуға Қазақстандағы барлық Jetour дилерлік орталықтарында мүмкіндік бар.