06 там, 2020 сағат 17:25

Қазақстанға коронавирусты емдеуде тәжірибесі бар Ресейдің әскери дәрігерлер тобы келді

Қазақстан мен Ресейдің әскери дәрігерлері коронавирус инфекциясымен күрес бойынша бірлескен жұмысқа кірісті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінет сілтеме жасап.

Қазақстан мен Ресей қорғаныс ведомстволары басшыларының әскери-медициналық ынтымақтастық туралы келісіміне сәйкес Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының әскери клиникалық госпитальдарына COVID-19 коронавирус инфекциясы анықталған пациенттерді емдеуде тәжірибесі бар ресейлік анестезиолог-реаниматолог, инфекционист пен терапевттен тұратын әскери дәрігерлер тобы келді. 

Бағдарламада емделушілердің емдеу хаттамаларын зерделеу, әскери дәрігерлердің консультациясымен семинарлар өткізу және инфекциялық ауруларды диагностикалау мен емдеу саласында тәжірибе алмасу көзделген.